3 наурызда Н.Даулетова атындағы залда «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ «Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының» аға оқытушысы Естаева Дина Қасымбекқызының 75 жасқа толған мерейтойына орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара модераторы п.ғ.к., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Г.И. Нұржанова Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директорына сөз берді, Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесін «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапаттады.
Іс-шарада сөз сөйлегендер: ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова, «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қ.Н. Қасымбекова, «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы: п.ғ.к., доцент М.Б. Мукашева, ф.ғ.к., доцент Г.Х. Нугыбаева, аға оқытушы Ш.М. Усенбаева, аға оқытушы А.К. Байдарова және студенттер, «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының түлектері, Д.Қ. Естаеваның туыстары.
Естаева Дина Қасымбекқызының өмірі мен еңбек жолына арналған бейнекөрсетілім ұсынылып, студенттер ән шашуын арнады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |