+7 (727) 267-28-83

rjhtz

27 ақпанда Назира Дәулетова атындағы залда «Корё ильбо» республикалық газетінің 100 жылдығына арналған «Сэнбон – Ленин кичи – Корё ильбо» газеті – корей халқы тарихының ажырамас бөлігі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Корё ильбо» газетінің түрлі жылдардағы басылымдарынан көрме ұйымдастырылады.

Газеттің алғашқы нөмірі 1923 жылы 1 наурызда Қиыр Шығыста (Владивосток қаласы) Бірінші наурыз қозғалысының 4 жылдығында шықты. Өзінің 100 жылдық тарихында газет 3 мәрте атауын ауыстырды: 1923-1937 жж. «Сэнбон» (Авангард), 1938-1991 жж. «Ленин кичи» (Ленинское знамя), 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Корё ильбо» (Корейский ежедневник). 1929 – 1934 жж. аралығында газет Хабаровск қаласында басылып, содан кейін қайта Владивостокта басылып шығарыла бастады. «Сэнбон» газеттің соңғы 1644-ші саны 1937 жылы 12 қыркүйекте Владивостокта, корейліктерді Қиыр Шығыстан жаппай көшіру басталған жылы шықты.

Редакция қызметкерлері Қызыл-Орда облысына қоныс аударған кезде корей қаріптерін сақтап қалуы, газеттің Қазақстанда басылып шығуына мүмкіндік берді. «Ленин кичи» газетінің алғашқы саны Қызылордада 1938 жылы басылып шықты. 1978 жылы, 22 жылдан кейін ҚКП ОК хатшылығының «Ленин кичи» республикалық газетінің қоныс аударылуы» туралы Жарлығы қабылданғаннан кейін Алматы қаласында шығарыла бастады.

Бастапқыда газет Приморск РКП комитетінің  және Приморск кәсіподақ кеңесінің, кейін Приморск ВКП мүшесі болды. Қазақстанда алғашқы жылдары аудандық  газет ретінде, 1940 жылдан Қызыл-Орда облыстық, 1953 жылдан бастап республикалық, 1961 жылдан бастап республикааралық болып шығарылды. 1991 жылы «Ленин кичи» корей халықаралық «Корё ильбо» газетіне ауыстырылды. 1988 жылы: «Ленин кичи» газетінің алғашқы санының шыққанына 50 жыл толуына орай Халықтар достастығы медалімен марапатталды. 2000 жылдан бастап «Корё ильбо» Қазақстандағы корейліктер Қауымдастығының меншігіне өтті.

Бір ғасыр бойы газет көптеген корейліктер үшін жалғыз ақпарат көзі мен байланыс құралдары болды. Газет корей ұлттық құндылықтарының, мәдениетінің, жазуының, тілінің сақталып қалуында үлкен рөл ойнады.

«Корё ильбо» беттерінде депортацияланған корейліктердің тағдырлары бейнеленген. Ол корей диаспорасының бірегей тарих шежіресінің, мәдениеттің маңызды ошағының, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының көрінісі болып табылады.

Бүгін де «Корё ильбо» -  Корей түбегінің арғы жағындағы танымал корейлік БАҚ. Газет аудиторияны қамту және дамыту үшін барлық ақпараттық құралдарды белсенді пайдаланады: газет ғаламтордағы сайтын, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын дамытуда т.б.

Көрмеде газеттің сирек және мерейтойлық сандары, түрлі жылдарда газет беттерінде жарияланған танымал жазушылардың, журналисттердің, қоғам қайраткерлерінің мақалалары ұсынылған.

Дөңгелек үстелдің жұмысына және көрмемен танысуға  шақырамыз!