14 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Қорды толықтыру қызметінің жетекшісі Изамбекова Қаншайым Мұсақызы және Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы Алматы облысы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылындағы мәдениет үйінде өткен көрнекті жазушы, қазақ әдебиеті детектив жанрының дарабозы, көркемсөз шебері, драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ детектив жанрының атасы» атты әдеби конференцияға қатысты.
Конференция барысында Ұлттық кітапхана директоры Б.Қ. Оспанова Кемел Тоқаевтың өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін баяндама жасады.
⠀
Конференцияға К. Тоқаевтың еңбегі мен шығармашылығын зерттеуші, белгілі кемелтанушы, ҚР «Құрмет» орденінің иегері Айжігітов Бақтығали Сақымқожаұлы, Қалижан Бекхожиннің жұбайы Зайда Бекхожина, Әлкей Марғұланның қызы Дәнел Марғұлан, ақын-жазушылар, Талғар ауданының кітапханашылары мен мектеп оқушылары және т.б. қатысты.
![]() |
![]() |