+7 (727) 267-28-83

Жорж

Әлем әдебиеті залында белгиялық жазушы, әлемдегі әдеби детектив жанрының ұлы авторы Жорж Сименонның туғанына 120 жыл толуына орай «Әлем мойындаған детектив шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жорж Сименон 1903 жылы 13 ақпанда Льеж қаласында сақтандыру компаниясының қарапайым қызметкерінің отбасында.дүниеге келген.

Иезуит колледжінде оқып жүрген кезінде-ақ, Сименон «Газетт де Льеж» басылымында қосымша жұмыс істей бастады. Жасөспірім әскери қызметін өтеп, әкесі қайтыс болғаннан кейін Парижге аттанған, онда газет-журналдарда, сот шежіресі бөлімдерінде жартылай жұмыс жасады және жиырмасыншы жылдардың танымал романдарын оқыды. Бірде ол роман жаза аламын деп шешіп, 1924 жылы өзінің «Роман машинистки» атты ірі туындысын жазады. Кейін келесі он жылдың ішінде Сименон «Жорж Сим» сынды әртүрлі бүркеншік аттармен 300-ге жуық роман мен әңгімелер шығарды.

1929 жылы «Нокс неуловимый», «Мадемуазель Икс», «Господин Галле скончался», «Цена Головы» атты шығармалары мен Сименонға әлемдік атақ әкелген комисар Мегрэнің қатысуымен жазылған романы басылып шықты.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жазушы бельгиялық босқындарға көмектеседі. 1941 жылдан 1943 жылға дейін Сименон Францияның батысындағы провинцияда тұрады, онда ол әйгілі комиссар Мегрэ туралы романдарын жазуды әрі қарай жалғастырады. Соғыс және оккупация жылдарындағы адамдардың көрген азаптары туралы  автор өзінің «Клан остендцев» (1946), «Грязь на снегу» (1948) және «Поезд» (1951) романдарында жазады. 1952 жылы Ж.Сименон Бельгия Корольдік академиясының мүшесі болды. 1955 жылы Сименон АҚШ детектив жазушылары қауымдастығының төрағасы болып сайланды. Американдық жазушы Эдгар Аллан Поның құрметіне арналған премиясында «Үздік шетелдік фильм»(1959) және «Гранд мастер»(1966) номинациялары бойынша марапатталған. 1972 жылдың аяғында, 70 жасқа толу қарсаңында Сименон мүлде роман жазбауға шешім қабылдайды. Өмірінің соңғы жылдарында Сименон «Я диктую», «Письмо к моей матери», «Простые люди», «Ветер с севера, ветер с юга» секілді бірқатар өмірбаяндық жұмыстар жазды. Француз тілді жазушы, әдебиеттегі детектив жанрының танымал шебері 1989 жылы 4 қыркүйекте Лозаннада, 87 жасында қайтыс болды.

Оның есебінде 425 кітап бар, оның ішінде 200-ге жуығы таблоидтық роман, оның 16-сы бүркеншік атпен, 220-сы шын есімімен шыққан шығармалар жәнем үш томдық өмірбаяны бар.Полиция комиссары Мегрэ туралы жазылған детективтік сериясы әлемге әйгілі. Ж.Сименонның кітаптары бойынша көптеген фильмдер мен телевизиялық фильмдер түсірілді. Кем дегенде 171-ге жуығының бейімделуі бар.  

Көрменің мақсаты-оқырмандарға жазушының өмірі туралы ақпарат беру, оның шығармашылығы мен әлемге әйгілі детектив жанрындағы жазушының еңбектері насихаттау.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапхана қорынан Ж.Сименонның қазақ, орыс, француз, ағылшын, вьетнам, чех, испан, поляк тілдеріндегі кітаптары ұсынылған.

 Барлықтарыңызды кітап көрмесіне шақырамыз!