3 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұстаздары мен кітапханашылары Алматы облысы білім басқармасының облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мен Қаскелең Мәдениет колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Кітап оқы. Шабыттан» атты облыстық байқауына қатысты.
Байқаудың мақсаты – білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Кездесу барысында Б.Қ. Оспанова «Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында баяндама жасады және Қаскелең мәдениет колледжі кітапханасының қорына кітаптар тарту етті. Алматы облысының білім беруді дамыту Орталығының техникалық және кәсіптік бөлімінің басшысы Исаханова Шынар Қабиқызы оқу-әдістемелік орталықтың қызметімен, облыстық байқаудың мақсаттарымен міндеттерімен, ҚР Ұлттық кітапханасымен болашаққа арналған кәсіби жоспарларымен таныстырды.
Шара барысында шығармашылық жұмыстардың көрмесі және колледж студенттерінің орындауында шығармашылық концерт өтті.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |