«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған залында ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, ғалым, философ Жабайхан Әбділдиннің 90 жылдығына арналған «Даналық ойдың тарланы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жабайхан Әбділдин 1933 жылы 16 ақпанда Павлодар облысы Май ауданы Майтүбек ауылында ветеринариялық фельдшерлер отбасында дүниеге келген. 1949 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетіне оқуға түседі.
Университет дипломы Ж. Әбділдинге М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасына жол ашады, және 1958 жылы профессор Е.П. Ситковскийдің жетекшілігімен «Гносеологическая роль конкретного понятия» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды.
Еңбек жолын Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық институтында бастаған, онда ғылыми өсудің барлық кезеңдерін: кіші қызметкерден директорға дейін өтеді. 1975 жылы ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі, 1983 жылы ҚазКСР ҒА-ның академигі, бөлімшенің академик-хатшысы (1984-1986), ҚР ҰҒА-ның үш мерзімдік вице-президенті (1986-1995), ҚР Парламентінің депутаты (1994), Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (1990-2005), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары (1998-2005), ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2005-2006), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры (2006).
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 60 жылдығына байланысты Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» (1978), ІІ дәрежелі «Барыс» (2000) ордендерімен, ЕҚЫҰ медальдарымен, Гегельдің «Справедливость и достоинство для всех» алтын медалімен марапатталған.
ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан ұйымдастырылған «Даналық ойдың тарланы» кітап көрмесінде энциклопедиялар, Жабайхан Әбділдиннің өмірі мен қызметі туралы материалдар, сондай-ақ оның ғылыми еңбектері: «В.И. Лениннің Марксистік философияны творчестволықпен дамытуы» (1971), «Ойлау дегеніміз не?» (1976), «Тағылым мен тағзым» (2003), «Ой әлемінен сөз» (2002), «История философии» (2010), «Философия и логика Гегеля» (2011) және басқалар ұсынылған. 200 ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 18-і монография. Жабайхан Әбділдин 15-тен астам ғылым докторы мен 40-тан астам философия ғылымдарының кандидаттарын дайындады.
Көрменің мақсаты – ұлы философтың еңбектерін жан-жақты насихаттау, оқырмандарды оның көрнекті тұлғасымен және ауқымды еңбек жолымен таныстыру.
Кітап көрмесіне шақырамыз!