+7 (727) 267-28-83

img149Кітапханатану. Библиография. Кітаптану = Библиотековедение. Библиография. Книговедение : мақалалар жинағы, 30 шығ./ ҚР Ұлттық кітапханасы ; Бас редактор: Оспанова Б.Қ.;  Редакциялық алқа:  Юсупова А.Х., Жүнісбеков Б.Ж., Маханбетова Г.А. (жауапты редактор); Құрастырушы: Рахимжанова Г.Т. – Алматы, 2022. – 102 бет. – қазақ, орыс тілдерінде.

Жинаққа Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха орталық аудандық кітапханасының негізгі тарихи оқиғаларын, маңызды деректері мен даму кезеңдерін, олардың Қазақстандағы кітапхана ісін қалыптастыруға қатысуы; кітапханаларды білікті мамандармен қамтамасыз ету, еліміздің жоғары оқу орындарында дуалды оқыту жүйесін енгізу; Павлодар облысының кітапханаларында кітап оқуды ілгерілету жөніндегі жаңа жобалары туралы: «Оқитын ұлт» ұлттық жобасы, кітапханалық блогтарды зерттеудегі кітапхана қызметін насихаттаудың жаңа нысандары туралы; «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық байқауы туралы және т.б. мақалалар кірді.

Басылым кітапхана қызметкерлеріне, кітапхана мамандығының студенттеріне, кітаптанушыларға, Қазақстанның кітапхана ісіне қызығушылық танытқандарға арналған.