18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында этнограф-ғалым, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, «Музеология және ескерткіштану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Тәттігүл Қаратаеваның «Сыр-Арал этнографиясы» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Шараның модераторы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы Досбол Байгунаков.
Салтанатты шараны құттықтау сөзбен Тәттігүл Қаратаеваның ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нұрсан Әлімбай ашып, қазақ этнографиясының, архелогия және этнология, музей салаларының дамуына қосқан зор үлесі мен атқарған еңбектерін бағалап, «Сыр-Арал этнографиясы» кітабының мазмұны мен маңыздылығына тоқталды.
Сөз сөйлеген қонақтар: тарих ғылымдарының докторы, профессор Қалыш Аманжол Боранбайұлы; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, академик Берекет Кәрібаев; Хажетепе университетінің профессоры, Ататүрік принциптері институтының директоры Мехмет Дервиш Клынчкая; Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры Серік Әжіғали; ҚР Мемлекеттік Орталық музей директоры Рашида Харипова; халықаралық «Арыс» қорының президенті, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастыру орталығының БҒҚ, профессор Нағашыбек Қапалбекұлы; Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Тынымбай Нұрмағамбетов; ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы, жазушы Тынышбек Дайрабай; тарих ғылымдарының докторы, профессор Бибизия Қалшабаева; Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ақын Оңғар;.
Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Тәттігүл Қаратаевның еңбектерінен, Сыр-Арал қазақтарына тән ұсталық және зергерлік өнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.
Қатысушылар: тарихшылар, академиктер мен профессорлар, зиялы қауым өкілдері, кітапханшылар, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері.
![]() |
![]() |
![]() |