+7 (727) 267-28-83

aecf3985 433f 44b2 9bed 9dd306c8d91a

13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған  «Өткірдің жүзі»  атты салтанатты  іс-шара өтті.

Шараны Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосының Алматы филиалының жетекшісі  Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Салтанатты шараны құттықтау сөзбен Қазақстан Республикасының  Мәдениет және спорт министрі Оралов Асхат Раздықұлы, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Майлыбаев Ғани Айдарұлы және ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, Мұрат Мұхтарұлының еліміздің  рухани дамуына, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасының сақталуына, жаңғыруына және зерделенуіне, ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, жылы лебіздерін білдірді.

Сөз сөйлегендер:  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеусінова Бұлбұл Ораққызы; Қазақстанның халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түркітанушы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, «Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы, Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының директоры Сүлейменов Олжас Омарұлы; Абай облысы әкімінің орынбасары  Оразалин Эльдар Каменұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Түркі дүниесі әдеби сыйлығының лауреаты Елубай Смағұл Абатұлы; композитор, демеуші, белгілі қоғам қайраткері, Еуразиялық Мәдениет қорының президенті Қанапьянов Ерулан Мұсаханұлы; ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері  Қанапьянов Бақытжан Мұсаханұл; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төрегелді Шарманов; тарих ғылымдарының докторы Сембин Марат Қатайұлы; белгілі журналист, Қазақ ПЕН клубының президенті Ғабдуллин Бигелді Қайырдосұлы; ақын, «Атамұра» корпорациясының президентi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы; фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы; ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті және «Altyn Qyran Foundation»  қоры  Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Салжанов Исламбек Төлеубайұлы; кинорежиссер, сценарист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан; Қазақстан Республикасы «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының директоры Мұхамедхан Дина Қайымқызы; ғалым,  техника ғылымдарының кандидаты, «Экология» халық академиясының академигі, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті Қонаев Эльдар Асқарұлы.

Шара соңында мерейтой иесі Әуезов Мұрат Мұхтарұлы қортынды сөз сөйлеп, Қанат Әмірханов «Жас-Тұлпар» ұйымының ән ұранын шырқады.

Кездесу аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Мұрат Әуезовтің қызметі мен шығармашылығына арналған «Өткірдің жүзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар:  Мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, туған-туысқандары, кітапханашылар, оқырмандар, меценаттар және БАҚ өкілдері.

fb25abff a4d8 43ce ab8f 87f9d85b1f1c   23f22ac2 857f 4027 9bd6 ccfa54b22b3f
195bf76b 0f84 4346 ac0a 8fcae4a2fad7   c5627f5b 372e 4233 8ff4 927684c8c42f   c45525bd 2a9d 4251 811a f859d7a86738