+7 (727) 267-28-83

ТАбдик

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О.Жандосов атындағы оқу залында 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында белгілі жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіковке және оның шығармашылығына арналған «Суреткердің парасат биігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын акция аясында еліміздің кітапханаларында көптеген іс-шаралар, кітап көрмелері ұйымдастырылады, онда акция, таңдалған авторлар және олардың кітаптары туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ оқырмандардың назарына Қазақстанның атақты жазушыларының шығармалары ұсынылады.

Акцияның мақсаты – отандық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу, ана тіліне қамқорлықпен қарау.

Төлен Әбдіков 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. 1965 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1965-1970 жылдары «Қазақстан пионері» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. 1970-1977 жылдары «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977 жылы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы қызметін атқарды. 1976-1986 жж. – нұсқаушы, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің әдеби бөлімінің сектор меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы. 1994 жылы ҚР Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1997-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Отандық әдебиеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін Т. Әбдіковке «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері»  құрметті атағы берілді (2002). Франц Кафка атындағы сыйлықтың лауреаты (2003), «Парасат майданы» повесі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004), «Парасат» (2013), «Барыс» бірінші дәрежелі ордендерімен марапатталды (2019).

«Суреткердің парасат биігі» кітап көрмесі Т.Әбдіковтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы материалдарды ұсынады: энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар. Әрі қарай, көрме оқырманды жазушының еңбектерімен таныстырады. Т.Әбдіковтың «Райхан» атты алғашқы әңгімесі жас жазушылардың «Утренняя роса» (1964) әңгімелер жинағында жарияланды. Әңгімелер мен повестер жинағы: «Горизонт» (1969), «Осенний лист» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) және романдары: «Мертвой сезон» (1985),  «Равноденствие» (1985) «Суровые зимы Акшокы» (1987), «Таңдамалы» (1991), «Оң қол» (2002), «Парасат майданы» (2012)  жарық көрді. «Novels» (2019) кітабына ағылшын тілінде  «Ақиқат»  («The truth»),  «Оң қол» («The right hand») романдары мен  «Тұғыр мен ғұмыр» («The pedestal and the lifetime»), «Оралу» («The Returning»)  повестері енген.  Т.Әбдіковтың әңгімелері мен повестері орыс тіліне аударылып, «Истина» (1980, 1981) жинағында жарық көрді. Т.Әбдіков «Эллада батырлары» (1977) ежелгі грек мифтерін қазақ тіліне аударды. Республикалық театр сахналарында «Нас было трое» (1985) пьеасы сахналанды.

Кітап көрмесіне шақырамыз!