+7 (727) 267-28-83

29.12

29 желтоқсан  ҚР Ұлттық  кітапханасына Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Пәкістан  Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі – Сажжад  Ахмед Сихар, Алматыдағы  Пәкістан елшілігінің Коммерциялық бөлімінің сауда және инвестициялар  жөніндегі кеңесшісі – Мұхаммад  Фарук, сауданы дамыту жөніндегі маман -  Карибаев  Манас  келді.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған жемісті ынтымақтастық  үшін Сажжад Ахмед Сихарға алғысын білдірді.

Сапар аясында қонақтар Пәкістанның мәдениет және әдебиет орталығында болып, оның қызметімен танысты.

29.12 129.12 229.12 3