+7 (727) 267-28-83

tali

«Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның халық жазушылары Әбділда Тәжібаев және Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылық қызметіне арналған көркем-суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның халық жазушылары Әбділда Тәжібаев және Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылық қызметіне арналған көркем-суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды.  2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы өткізіледі.   Акцияның мақсаты- кітап оқуды насихаттау, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау және ана тілін құрметтеу, сондай-ақ жастарды моральдық және патриоттық тәрбиелеу.   2019 жылы Қазақстанда жыл кітабы болып танымал екі авторлардың шығармалары: Әбділда Тәжібаевтың поэзиясы және Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы танылды.

28.03.2019 1Әбділда Тәжібаев (1909-1998) белгілі қазақ ақыны, драматург, Қазақстанның  халық жазушысы. 1909 жылы Қызылорда қаласында туған.1946 жылы Қазақ  педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын қатардағы газет редакторынан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысына дейін көтерілді.Ә.Тәжібаевтың алғашқы «Арыс құмы» атты өлеңдер жинағы 1928 жылы жазылып, 1960 жылы таңдамалы шығармалары екі томдық болып жарыққа шықты. Жазушының әдеби шығармаларының негізгі жанрлары ̶ поэзия және драматургия. Көптеген тақырыпта - революция, жаңа өмірдің құрылысы, халықтың өткен өмірі, әртүрлі адам тағдырлары, жаңа өмірдің лебі, жылулық және лирикалық поэмалар жазды. Қазақ ұлттық драматургиясының дамуына көп күш жұмсады. Жазушының есімі қазақ әдебиетінің алдыңғы қатарлы көрнекті қайраткері.      Ә.Тәжібаев драматургия саласында: «Белая берёза», «Цвети, степь!», «Майра», «Приятели», «Утёс» және т.б. пьесаларын жазды. Оның сценарийі бойынша «Жамбыл» көркем фильмі түсірілді. Ақын-драматургтың көптеген шығармалары әлем халықтарының тілдеріне аударылды.Ә.Тәжібаев шығармашылығында аударма ісі үлкен орын алады. Ол А.Пушкин, Г.Гейне, Т.Шевченко, А.Островский және т.б. поэмалары мен өлеңдерін аударған. Ә.Тәжібаевтың осы саладағы еңбегі үшін екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше грамоталармен, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974) атағымен марапатталған.

28.03.2019 2Әбіш Кекілбаев (1939-2015) қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның халық  жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері. 1939 жылы 6 желтоқсанда Гурьев облысы Маңғыстау ауданы Оңды ауылында дүниеге келді. 1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді (қазіргі әл- Фараби Қаз ҰУ). Көптеген жылдар бойы әртүрлі мемлекеттік қызметтерді атқарды. Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986). Ә.Кекілбаевтың әдеби шығармашылық еңбегін ақын ретінде бастады. 1962 жылы «Алтын шуақ» алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Кейінірек ол өлең жазуды тоқтатып екі жанрда жұмыс істей бастады: проза және сын. Белгілі «Аңыздың ақыры» романының, «Баллада забытых лес», «Колодец», «Состязание», «Шеткері үй», «Призовой бегунец» повестерінің, «Самый счастливый день», «После встречи», «Белая роза», «Соломинка удачи» және т.б. әңгімелердің авторы.Жазушының прозасы ертегі аңыз секілді. «Аңыздың ақыры» (1979) тарихи шығармасы аңызға кездейсоқ айналған жоқ. Аңызға айналған Тимурдың есімін оқырман жаратушының соңғы күндері туралы романы арқылы біледі. Жас архитектордың және кіші ханның махаббат тарихы, ханның реваншасы және оның ар-ұжданының қасіреті, қорқынышты қылмыстармен ауыратыны жазушының үлкен психологиялық шеберлігімен суреттелген. 1979 жылы шығарманы орыс тіліне қазақстандық жазушы Г. Бельгер аударды.Ә.Кекілбаев өзінің әдеби аудармасымен танымал Ги де Мопасанның, Шыңғыс Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне аударып, Л.Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілік» романының және И.Буниннің шығармаларын аударуға қатысқан.  ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде екі атақты автор А.Тәжібаев пен А.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына, олардың туындыларына, аудармаларына, естеліктеріне және мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларына арналған материалдар ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!