14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова және Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі С.Т.Тұяқова High Tech Academy (HTA) мектебінің шақыртуымен 3-сынып оқушыларының «Жастарды кітапханаға қалай тартуға болады» атты жоба байқауының қорытындысын шығаруға қатысты.
High Tech Academy (HTA) – жаңа типтегі еуропалық мектептердің инновациялық академиялық бағдарламасына негізделген мектеп. Мектепте оқыту жобалар негізінде тәжірибелік білім алуға негізделген.
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткізілген экскурсиядан кейін «Жастарды кітапханаға қалай тартуға болады» атты жоба дайындауға тапсырма берілді.
Жобаларды қорғау кезінде 3 «А» және 3 «Б» сынып оқушылары жоспар құрып, алдарына мақсат қойып, ойлау қабілеттерін дамытты. Жобалар өте қызықты, креативті болды және олар кітапханадағы дизайнды жақсартуға, жайлылық ұйымдастыруға, жаңа заманауи технологияларды, гаджеттерді, букридерлерді, әлеуметтік желілерді пайдалануға, жарнаманың бірнеше түрлерін кеңінен қолдануға болатынын айтты.
Оқушылардың жұмысын бағалай отырып, А.Х. Юсупова тапсырма тақырыбын, балалардың белсенділігін, дайындалған жобалардың тиімділігін атап өтті. Балаларға арналған электронды басылымдарды дайындау, әртүрлі қызығушылықтарға арналған клубтар құру, балалар бөлімін ашу, қорды сақтау, кітапхана сайтын жақсарту, ретрансляциялық аймақтар құру және тағы басқа да жақсы ойлар айтылды.
Іс-шараға 25 мектеп оқушылары және High Tech Academy (HTA) мұғалімдері, тәрбиешілер мен кітапханашылар қатысты.
Барлық қатысқан балаларға және мектеп кітапханасына Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының атынан қазіргі заманғы авторлардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптары сыйға тартылды.