7 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Ұлттық болмыс. Шапай Зұлқаш тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті.
«Ұлттық болмыс. Шапай Зұлқаш тағылымы» атты дөңгелек үстел қазақ өнерінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті режиссер, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің, Президент сыйлығының және Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлықтың иегері, Атырау облысының және Исатай ауданының Құрметті азаматы Шапай Зұлқаштың шығармашылығына арналды.
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметінің кітапханашысы Орманбеков Таңжарық ашып, режиссёр, драматург, Қазақстанның халық әртісі Ерсайын Төлеубай жүргізді.
Дөңгелек үстелде Есмұхан Обаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Кәдірбек Төлеуұлы, Сағызбай Қарабалин, Темірбек Мұхтаров, Сұлтанәлі Балғабаев, Әубәкір Рахимов, Асқар Наймантаев, Есенгелді Тұяқов, Мұрат Сапаров, Мырза Кенжебаев, Жақсыбек Құрманбеков, Еркін Әбдірешов және т.б. сияқты көрнекті тұлғаның ортасы, ұстаздары мен туыстары Шапай Зұлқаштың дара жолы мен тағылымы туралы жан-жақты қамтып өтті.
Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ш. Зұлқаштың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ сахнасының саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қатысушылар: белгілі театр, әдебиет-өнер қайраткерлері, сценографтар, театртанушылар, кітапхана қызметкерлері, республикалық БАҚ пен ЭБАҚ өкілдері, өнерсүйер көрермен және Атырау облыстық театрынан келген арнайы делегация.