+7 (727) 267-28-83

4548687687

25 қарашада Н. Дәулетова атындағы залда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандарымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қалыптастыру бойынша шаралар кешенін жүргізу» жобасы аясында «Құқықтық мәдениет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың негізгі шарты ретінде» атты  кездесу өткізді.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» ҚБ Алматы қалалық филиалы.

Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығы мен олардың белсенді азаматтық ұстанымын арттыру мүмкіндіктерін, құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаттарын талқылау, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру. 

Іс-шараны  ҚР Ұлттық кітапханасы директорының  ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева ашып, құқық бұзушылықтың осы түрінің алдын алуға бағытталған республикадағы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы баяндама жасады. Атап айтқанда, мынадай профилактикалық құралдар жүргізілді: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг; сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды марапаттау жүйесі жетілдірілді; лауазымды тұлғалардың сыйлық беруге және алуға толық тыйым салынды; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институты іске қосылды; квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілік күшейтіліп, комплаенс қызметі енгізілді.

Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша «Жаңару» АҚФ РҚБ өкілі, аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі Т.М. Шакирова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты баяндамасында қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылатынын атап өтті.

Спикер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша «АНТИКОР» сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-әдістемелік штабы басшысының орынбасары, ҚБТУ бизнес мектебінің доценті Әбдіхалықов Қайыржан Саясатұлы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оның алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері» баяндамасында Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында білім саласындағы қалыптасқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық аспектілеріне және жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің рухани-тәрбиелік мәніне тоқталды. Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша «Жаңару» РҚБ АҚФ өкілі, отставкадағы полковник Ахметсафин Мүбарак Мұхатайұлы Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына кеңінен тоқталды.

ҚР Ұлттық кітапханасының Ұйымдастыру-аналитикалық  жұмыстар қызметінің жас кітапханашысы Бердігалиева Гүлдана Нұрболқызы басқосуда спикерлерге алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мемлекеттің басты басымдылықтарының бірі болып табылатынын, жастардың сыбайлас жемқорлық өткелдеріне төтеп бере алуы керектігін, мұндай іс-шаралардың өте пайдалы екенін атап өтті.

219b0382 8c5e 464d 8b94 3b117ba55630   9bd99fbe b8e7 47d8 ae13 dff7d5805c65   3c384078 39a9 4258 bdb4 600d633f8818