+7 (727) 267-28-83

811

8 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Нұрмаханова Маржан Қалжанқызы құрастырған «Ерте сөнген жұлдыз» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Бұл кітап халқымыздың ардақты ұлдарының бірі, әдебиет сыншысы, аудармашы, драматург  Қалжан Нұрмахановқа арналған.

Кешті белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Жақып Бауыржан Өміржанұлы жүргізді.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Дандай Ысқақұлы, Сейфолла Оспан, Қаназ Молдахмет, Зинол-Ғабден Бисенғали.

Сөз сөйлеген  қонақтар: белгілі ақын, аудармашы, Ахмет Байтұрсынов атындағы жүлденің иегері Сейфолла Оспан; филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі Қансейiт Әбдезұлы; ақын, журналист, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қасымхан Бегманов; жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қаназ Молдахмет;  ҚР кино қайраткері, ҚР кинематографиясының үздігі, профессор Шаяхмет Имашұлы; жазушы,  профессор, Әдебиет және өнер институтының қызметкері Ақыш Нұрдәулет; аударма сыншысы, филология ғылымдарының докторы, доцент Лаура Дауренбекова;  Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті тіл білімдері кафедрасының меңгерушісі Мейрамкүл Тілеуова; доцент, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Көкжиек» шығармашылық клубының ғылыми жетекшісі Ләйла Мұсалы және т.б.

Сонымен қатар, Қалжан Нұрмахановтың қызы Маржан Қалжанқызы қорытынды сөз сөйлеп, әкесі туралы естеліктерімен бөлісті.

Шара барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті және Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері ән салып, өнер көрсетті.

Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қалжан Нұрмахановтың шығармашылығы мен өміріне арналған «Қиядан шалған қыран» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Жаңа кітап іс-шара соңында  ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылып, қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: Қ. Нұрмахановтың қызы, жақындары мен туыстары, зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, БАҚ өкілдері, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұстаздары мен студенттері, кітапхана оқырмандары және т.б.

5324967a c2d4 45b8 bd02 e1ea4705744b   2a365c2b a1aa 4b0b a6dc ebfa4b302280   22ba8160 a1bf 42fd 8359 5e98e148478f