+7 (727) 267-28-83

совет

4 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ғылыми-әдістемелік кеңес өтті.

Қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің маманы А.М. Шоманова мен Қорды қабылдау, бақылау және толықтыру қызметінің маманы Г.Б. Смағұлова Ресей Федерациясының кітапханаларында өткен конференциялар туралы есептерін ұсынды.

А.М.Шоманова М.И.Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасында өткен «Сақтау аспектісіндегі кітап ескерткіштері» атты VI Пәнаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысы туралы баяндады. (РФ, Мәскеу қ.) 24-27 қазан 2022 ж.

Г.Б.Смағұлова Ресей кітап одағы ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Екінші оқырман қауымдастығының жұмысымен таныстырды (12-14 қыркүйек 2022 ж., РФ, Мәскеу қ.).

Ғылыми-әдістемелік кеңестің күн тәртібінде кітапханадағы электрондық каталогтың библиографиялық жазбаларын қалыптастыру және Web-RABIS жүйесінде Кітап беруді есепке алу мәселелері көтерілді, бұл туралы директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева сөз сөйледі.

Кітапханаларда «Каталогизатор» модулінде библиографиялық жазбалар жасау туралы ақпаратпен Ақпараттық ресурстар қызметінің басшысы Ф.Ө. Сыдықжанова баяндады. Осы тақырып бойынша: Қорларды сақтау қызметі тобының жетекшісі Г.О. Смағұлова, Диссертациялар бөлімінің жетекшісі А.Б.Рахишева, Мерзімді басылымдар қызметінің жетекшісі Ж.А. Әбенова, Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі А.К. Бекпулатовалар сөз сөйледі.

Ғылыми-әдістемелік кеңестің қорытындысы бойынша аталған мәселелерді жою қажеттілігі туралы шешімдер қабылданды.

Ғылыми-әдістемелік кеңес мамандар үшін нәтижелі, қызу талқылаумен өтті және пайдалы ақпаратқа толы болды.

27ecd417 9542 4c4b bc31 322257bf6573   41e20606 d7fb 4b9f 90b3 1609d42bdaeb