Қызмет жетекшісі:
Тұяқова Салима Тоқтасынқызы
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Негізгі бағыттары:
- оқырмандарға кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету;
- оқырмандарға қызмет көрсету ісіне автоматтандырылған үдерістерді енгізу.
Негізгі қызметтері:
- оқырмандарға сапалы және жылдам қызмет көрсету, оларға білімнің барлық салалары бойынша әлем тілдеріндегі әдебиеттер қорын, Кітапхана ресурстарын барынша пайдалану үшін ақпараттық-кітапханалық қызметтер жиынтығын ұсыну;
- қосалқы қорды өзекті әрі оқырмандар сұранысына ие әдебиеттермен толықтыру;
- оқырмандардың тапсырыстарды бойынша электрондық жеткізу үшін құжаттар іріктеу;
- оқырмандар қажеттіліктерін, ақпараттық сұранымдар тақырыптарын зерттеп-зерделеу;
- қосалқы қорды сақтау және күтіп ұстау режимдерін бақылау;
- жаңа түскен басылымдар және тақырыптық көрмелерді ұйымдастыру;
- оқырмандарға оқу залдарында қалыпты жағдайлар жасау.
Құрылымы:
- орыс тіліндегі әлем әдебиетімен қызмет көрсету тобы;
- шетел тілдеріндегі әлем әдебиетімен қызмет көрсету тобы;
- халықаралық кітап бұрыштарымен жұмыстар жүргізу тобы.