+7 (727) 267-28-83

КБС

13 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстандық Кітапханалық Одақ Кеңесінің кезекті жұмыс отырысы өтті. 

Шараға Кеңес мүшелері, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғ.К Нұрғалиева, республикалық және облыстық әмбебап кітапханалардың, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшылары қатысты.

Алғашқы сөз кезегі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директоры Б.Қ.Оспановаға берілді. Ол қатысушыларға сәттілік тілеп, Кеңес жұмысы отырысының құрметті қонақтарына  жаңа облыстық кітапханаларға тағайындалған директорларды таныстырып, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың жұмысына тоқталды. Содан кейін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғ.Қ. Нұрғалиева құттықтау сөз сөйлеп, «Кітапхана ісі» туралы заң жобасын отырыс барысында талқылауды ұсынды.

Кезектен тыс Президенттік сайлауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау  мақсатында әзірленген Қазақстандық Кітапханалық Одақтың Резолюциясымен ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова мен Ғылыми-әдістемелік қызметінің топ жетекшісі А.Н.Шүленбаева таныстырды. Кеңес мүшелері тарапынан Резолюцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу керектігі айтылып, отырыстың 2-ші жұмыс күніне қалдырылды.

Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ғалым және қоғам қайраткері М. О. Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты Халықаралық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жүлделерді «Әуезов Үй-музейінің» директоры, жазушының немересі Диар Қонаев табыстады.

А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры. Ж.С.Шардарбековаға "Жыл кітапханашысы-2022" құрметті атағы беріліп, сыйақы табысталды.          

Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісімен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Ғылыми кітапханасының директоры Б.Т.Бағашарова, Алматы қ. ОКЖ  директоры Р.Н.Бектұрсынова, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қ.Е.Оспанов, К.Сыдиықов атындағы Маңғыстау  облыстық әмбебап кітапханасының  директоры Ш.Ж.Айтуаровалар марапатталды.        

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасы дайындаған қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақстанның Көрнекті Кітапханашылары» анықтамалығы таныстырылды. Кітапқа Қазақстандағы кітапхана ісінің бірнеше буын өкілдерінің есімдері енді.

5a0f3db3 0649 406b a657 f9eadce3e914   36cfd27e 8b68 4a6e b794 d2d649c6bd56   cafab3ec 79a3 4425 8067 c9773e6203ce   e7f86f1d f72f 4d1c acdc 9b3dd9aea609    
5b5ae7ed 5c10 475c b8b9 c52099df3139   08c6293d eb04 4f4f a26a d80c6de6c7f6   166a5f05 896c 4623 84fd 0ac3050561b9   343eaf02 9239 4e4f ba47 97f4cb66f539
80475d34 19a5 4f52 b824 333c266f0297   a73726b3 bd97 4f86 87f7 cef0c80d5b0a   fe72bd26 72db 453a 95cb 56d86cf50efc   b9cfede8 1131 4451 a602 b3e9d5699839