7 қазанда Н. Дәулетова атындағы залда Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл толуына орай, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» атты роман-трилогиясының тұсаукесері өтті.
Іс-шараны ақын, Президент сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ және Шалқар» радиолары Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.
Лента қию рәсіміне қатысқандар: Бигелді Ғабдуллин, Мамытбек Қалдыбаев, Бақтикамал Нұрғалиева, Кәдірбек Сегізбаев.
Сөз сөйлеген қонақтар: Қазақстан ПЕН-клубының президенті Ғабдуллин Бигелді Қайырдосұлы; филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Қалдыбаев Мамытбек Қалдыбайұлы; жазушы, «Атамұра» баспасы президентінің кеңесшісі Сегізбаев Кәдірбек Сегізбайұлы; ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жандыбаев Ғұсман Елеуұлы; филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүкен Мәсімханұлы және т.б.
Іс-шарада кітаптың мазмұны мен мәні, жазу ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, әнші Жоламан Құжиманов дәстүрлі ән шашуын тартты.
Шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан Ә.Ыбырайымұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қалам ұшындағы ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қатысушылар: белгілі қаламгерлер мен әдебиетшілер, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері.