+7 (727) 267-28-83

кино

19 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының үлкен залында «Кинохроникердің намысы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Сағатбек Махмұт (Махмұтов) 1946 жылдың 13 тамызында Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында дүниеге келген. Шығармашылық жолы 1966 жылы «Қазақфильм» киностудиясында оператор көмекшісі ретінде басталады. 1972 жылы ВГИК-тің кинематография факультетіне оқуға түседі. 1976 жылы операторлық өнер факультетін бітіріп, жоғары дәрежелі оператор мамандығына ие болады. 1984 жылға дейін оператор болып жұмыс істейді. 1984 жылы «Кабул встречает друзей» атты өзінің алғашқы деректі фильмінің режиссері болып бекітіліп, осы кезеңнен бастап режиссер-оператор қызметін атқарып келеді.

«Қазақфильм» киностудиясында 40 жылдан астам жұмыс істеген Сағатбек Махмұт режиссер және оператор ретінде 50-ден астам деректі фильмдер түсірді. 2000 жылдардан бері Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында, кейін «Тұран» университетінде «операторлық өнер шеберілігі» бойынша ұстаздық қызмет атқарады. Өзінің педагогикалық қызметінің жылдарында көптеген студенттерге дәріс берді, олардың арасында Қазақстанның атақты операторлары да бар.  Кинотехника терминологиялық сөздігінің авторы.

Фильм кинорежиссер-оператор Сағатбек Махмұттың шығармашылық өмірі мен қызметі, оның киноқайраткер ретінде қалыптасуын баяндайды. Көрермен Кеңестік дәуір және тәуелсіз Қазақстанның деректі киносының тарихымен Сағатбек Махмуттың шығармашылығы арқылы танысады.  Көрсетілім кинорежиссер-оператор Сағатбек Махмұттың мезгілсіз өмірден озғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылды.

bf6e587a c2b7 4d98 995a b076ecfa3151   e9226c53 51f2 4c75 8b8c 3eb1aa446cb9