+7 (727) 267-28-83

неміс

10 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы – Абай күніне арналған «БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ...» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға шығармашылық зиялылар, ақындар, жазушылар, мәдени ұйымдардың өкілдері, балалар мен жастар шақырылды.

Абайдың шығармашылық мұрасын бүкіл әлем мойындады. Оның шығармалары көптеген тілдерде бар. Ұлы қазақ ақынының мұрасы - әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі, ал оның есімі барлық заман мен кез – келген халықтың ұлы ақындарымен бір қатарда тұр.

ҚР Ұлттық кітапханасы іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткені үшін Республикалық академиялық Неміс драма театрының директоры Ева Бехерге ерекше алғыс білдіреді.

Театр және кино актрисасы Анастасия Лошманова Абайдың «Қара сөздерінен» неміс тілінде үзінді оқыды.  "Katzen Piloten" балалар музыкалық студиясы «Желсіз түнде жарық ай» әнін қазақ және неміс тілдерінде орындады.

Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған балалар жылы аясында Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашылары кішкентай қатысушылар мен олардың ата-аналарына ҚР Ұлттық кітапханасына экскурсия жасады.

Неміс драма театрының барлық әртістерін кітапхана алғыс хаттармен марапаттап, Абай кітаптары, сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасының оқырман билеттерін сыйға тартты.

8ad91c98 cf62 4bd1 9bd1 e4157d0bef65   фото 1   b377a54c be8f 41f3 aacf 05e68c9d0b97