+7 (727) 267-28-83

Аман у

16 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық   кітапханасының қорына Уәлиханова Баян Шот-Аманқызы,  әлемге әйгілі қазақ сәулетшісі, белгілі қоғам қайраткері, қаламы қарымды жазушы, публицист, драматург, ақын, Қазақстан Республикасының ұлттық жәдігерлері – Мемлекеттік Елтаңба мен ұлттық-мәдени бірегейліктің басқа да белгілерін жасаушы  Шот-Аман Уәлиханның шығармашылығына арналған «Шот-Аман Уәлиханның шығармашылық мұрасы» - «Творческое наследие Шот-Амана Уалихана » атты  жеті томдық жаңа туындыны сыйға тартты.

Бұл көптомдық басылымда  Шот-Аман Уәлиханның ғылыми мақалалары, бой көтерген сәулет ғимараттары, монументтері, ескерткіштері (мемориал кешендері), ғылыми-публицистикалық мақалалары, БАҚ-қа берген сұхбаттары, пленумдар мен съездерде сәулет өнері тақырыбында жасаған баяндамалары, пьесалары, өлеңдері мен әндері, эпистолярлық мұрағат материалдары мен афоризмдері, ғылыми зерттеулері, қоғамдық қызметі, ҚР мемлекеттік рәміздерінің жасалу тарихы жөніндегі материалдары, мерейтойлық құттықтаулары енгізілген.

Бұл туындылар сәулетшілерге таптырмас құнды дүние болып табылады және оқырманның игілігіне айналары сөзсіз.