+7 (727) 267-28-83

15974876598555

10-13 мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ақтөбе облысы кітапханаларының қызметкерлері пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету, библиографиялық көрсеткіштер мен дерекқорларды қалыптастыру, «Web-RABIS» бағдарламасының модульдерін пайдалану бойынша тәжірибелік оқытудан және тағылымдамадан өтіп, сертификаттар алды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ақтөбелік мамандарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кітапханашылар Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басшылығы мен қызметкерлеріне алғыстарын айтып, өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға тілек білдірді.  Болашақта Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысы кітапханаларының басқа да қызметкерлері тағылымдамадан өтуге қызығушылық танытуда.

85da5632 8f21 4588 b674 f31e341b0865   fc98e112 f3fb 47bb ac1a c92465ca6742    

 

Сайтта

Қазір сайтта 232 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.