+7 (727) 267-28-83

АА

Өнер бөлімінің оқу залында КСРО және Қазақ КСР Халық әртісі, актер, театр және кино режиссері, сценарист, педагог Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығына арналған «Кино және театр өнерінің жарық жұлдызы – Асанәлі Әшімов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.    

Көрменің мақсаты – оқырмандарды Қазақстан өнер адамдарының өмірімен және өмірбаянымен таныстыру, киноактер А. Әшімов шығармашылығының маңыздылығы мен өзектілігін атап өту, өнер және отандық кинематография туралы әдебиеттерді насихаттау.

 

Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін бітірген. 1961-1963 жылдары, белсенді кинематографиялық қызметі басталған «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді.

Студент кезінде «Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Песня зовет», «Менің ұлым», «Перекресток», «Следы уходят за горизонт" және т.б фильмдерде түскен.

1963 жылдан Алматыдағы М.О. Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актері, режиссері, ал 1987 жылдан 1988 жылға дейін театрдың көркемдік жетекшісі болды. Осы театр сахнасында қызмет еткен жылдары елуден астам рөлдерді сомдаған: М. Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыландысында» Айшуақ; «Еңлік-Кебегінде» Кебек; Ғ. Мүсіреповтің «Өсиетнамасында» Сырым Датов; Ә.К. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан; Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қозы Көрпеш; Ш. Айтматов пен Қ. Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесуінде» Өсіпбай Татаев; Қ. Ысқақтың «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай және т.б.

Театрдың қоюшы режиссері ретінде А. Әшімов М.Фриштің «Дон Жуанның думаны», Н.В. Гогольдің «Ревизор», Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді», И. Оразбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?!» Саадам Ванустың «Сұлтан болсам егер мен», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» және т.б. Ж. Шанин атындағы Шымкент облыстық театрында «Сұлтан да мәңгілік емес» спектаклін, ал Ғ. Мүсірепов атындағы Республикалық жасөспірімдер театрында А.Сейдімбектің қатысуымен «Шуақты ару Күнекей» спектаклін қойды.

А. Әшімовке «Қыз-Жібек» фильмінде Бекежан рөлінде ойнаған рөлі; Андрей Михалков-Кончаловскийдің сценарийі бойынша «Атаманның ақыры» фильмі актердің визит карточкасы болған чекист Чадьяров туралы тұтас трилогияның басталуын белгіледі; Александр Адабашян мен Никита Михалковтың сценарийі бойынша «Транссібір экспрессі»; Әшімовтың сценарийі бойынша «Маньчжур нұсқасы»; режиссер Қуат Ахметовтің «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдеріндегі рөлдер әлемдік танымалдылыққа әкелді.

Әшімов кино режиссері ретінде де ерекше көзге түсті. Ол «Жылан жылы» (1981), «Аңызға айналған Шоқан» («Шоқан Уәлиханов», 1984), «Дермене» (1986), «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» («Елімай» киностудиясы, 1992), «Дом у солёного озера» (2004) фильмдерін түсірген.

А.Әшімовтің шығармашылығына режиссер И. Вовнянконың «Асанәлі» (1986) және «Дорогу осилит идущий» (1986) деректі фильмдері арналған. Сондай-ақ, «Асанәлі Әшімов фильмдерінің алтын топтамасы» 12 DVD үздік фильмнен тұратын қорап түрінде шығарылды, «Зеркальных дел мастер» деректі фильмі түсірілді. Таразда А. Әшімовтің мұражайы ашылды.

А. Әшімов «Майраның әні»,   «Жан бөлек», бес томдық «Арнау», «С любовью, Ваш Асанали Ашимов», «Менің жанрым – күнделік» кітаптарының авторы.

Театр мен кинода жұмыс істеумен қатар, ол Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында сабақ берді.

А. Әшімов «Отан», «Құрмет», «Парасат», «Достық» ордендерімен марапатталған, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2000 жылы Тәуелсіз жалпыұлттық «Тарлан» сыйлығының иегері, 2011 жылы Мәдениет және өнер саласындағы «Достастық жұлдыздары» сыйлығының лауреаты атанды. А. Әшімов –  КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, профессор, Алматы «Шәкен Жұлдыздары» кинофестивалінің президенті, «Елімай» киностудиясының президенті.

2017 жылы Н. Назарбаев Асанәлі Әшімовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді.

Кітап көрмесіне қазақ театры мен киносының майталманы, актер Асанәлі Әшімовтың: А.Әшімұлы «Шығармалары: 7-томдық Ә. Әшімұлы»; А. Әшімұлы «Майраның әні»; А. Ашимов «С любовью ваш Асанали Ашимов»; А. Әшімұлы «Менің жанрым – күнделік»; Б. Құндақбайұлы «Театр туралы толғау»; «Асанәлі Әшімов: Фотоальбом»; А. Әшімұлы «Таңдамалы»; Б. Құсанбек «Бір сәт және бүкіл ғұмыр»; К. Смайылов «Өнегелі өмір»; Ә. Сығай «Жансарай»; «Қазақ сахнасының шеберлері»: Шығармашылық портреттер»; «Кино и вся жизнь»; К.Сиранов «Киноискусство Советского Казахстана»; С. Кабдиева «Фольклорные традиции в казахском театре»; Ә. Сығай «Актер әлемі» және т.б кітаптар ұсынылған. Сондай-ақ, оқырмандарға актердің өмірі, шығармашылығы, актерлік шеберлігі және мерзімді басылымдар беттерінде сипатталған кадрдан тыс қалған барлық сұхбаттар мен әңгімелер қызықты болары сөзсіз.

 

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 416 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.