+7 (727) 267-28-83

Шоқан

5 мамырда  дін және дәстүр залында елін, жерін сүйген Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған «Отан қорғау – ұлы мұрат» атты әдеби-музыкалық патриоттық кеш өтті.

Патриоттық кештің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына Отанын сүю және өз азаматтығын мақтан тұту, Отанының болашағы үшін абыройлы қызмет ету, туған жерін қастерлеу, ұлтжандылық және патриоттық сезімдерді қалыптастыру секілді қасиеттерді дарыту болып табылады.

Іс-шараны Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің маманы Мұхаммед-Қанапия  Шарханұлы жүргізді.

Құттықтау сөз сөйлегендер: белгілі актер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстандық авторлары қоғамының бас директоры Есеналиев Байғали Мақұлбекұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы.

Әдеби-музыкалық патриоттық кеште Айтжан Гүлжанат, Сахарбек Әділ, Арайлы Төрегелді, Қанапия Омар, Жақсылық Аянат, Сүйінбай Даниял өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар, К. Ушинский атындағы орта мектеп оқушылары  республикалық «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымына ант қабылдады. 

Қатысушылар: мектеп ұстаздары мен оқушылары, кітапханашылар және БАҚ өкілдері.

279969069 4947742611989823 4904298863480645614 n   280017466 4947742345323183 8356500767739582715 n   280097717 4947742518656499 7405726958775299532 n   279733867 4947742375323180 5921663116672402518 n
279932837 4947742348656516 2384506667059804440 n   280071259 4947742751989809 5399117483838785407 n   280053516 4947742438656507 7353373687296963633 n

 

Сайтта

Қазір сайтта 279 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.