+7 (727) 267-28-83

2022 жылғы 11 мамырда, сағ. 11.00-де Дін және дәстүр залында белгілі жырау, мәдениет қайраткері Сүйіндік Серіктің Жетісудың жыр өнерін дәріптеуге арналған «Өңірлік жыр мектебі – Ұлттық тәрбиенің тамыры» атты шығармашылық кездесуі өтеді.

Серік Сүйіндік Райымбек ауданы, Текес өнер мектебінде дәстүрлі жыр сыныбында дәріс беріп, бірнеше жыл балаларды жыршылық өнерге тәрбиелеп жүрген ұстаз. Сонымен қатар ол аудандық мәдениет бөлімінде де қызмет етеді. Аймақтағы аты аңызға айналған Көдек ақын, Бөлтірік Атыханұлы, Құланаяқ Құлманбет, Сары Шуаш сынды белгілі ақын-жыраулар өнерін дәріптеп, сол мектепті жаңғыртуға үлкен үлес қосып жүр. Алматы облысын аралап өткізіп жүрген семинар-сабақтары сол мақсатқа арналған. Әр ауданнан жыршылық өнерге бейімді өнерпаздарды жинап, шәкірт тауып, баулуда.

Шара аясында, Сүйіндік Серік өзі бастаған жобаның мақсатын айтып, оқу бағдарламасын таныстырып, осы шығармашылық сапардың болашақ жоспарымен таныстырады.

Қатысушылар: ақын-жазушылар, Райымбек, Кеген, Ұйғыр ауданы, Еңбекшіқазақ ауданының жыршылары, БАҚ өкілдері және т.б.

Сайтта

Қазір сайтта 383 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.