+7 (727) 267-28-83

 DSC01982022 жылғы 22 сәуір, сағат 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Дін және дәстүр залында 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «KITAP SHOY – 2022»  мерекелік іс-шарасы аясында ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Сәуле Досжанның шығармашылық кеші өтті.

Іс-шараны ақын, Президент сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ және Шалқар» радиолары Алматы филиалының жетекшісі  Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Іс-шара аясында жазушының туындылары туралы ой-пікірлермен алмасты. Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған викторина ойнатылды. Сәуле Досжан қатысушыларға өз туындыларын қолтаңбасымен  сыйға тартты. С.Нұрмағамбетов атындағы «SAGADAT BATYR»  спорт клубының спортшылары күрес өнерін көрсетті.

Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова, директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова және директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева қонақтарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ақын, жазушы Сәуле Досжанның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шығармашылық кешке Қарасай ауданының К.Ушинский атындағы орта мектебі және Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары, колледж студенттері, С.Нұрмағамбетов атындағы «SAGADAT BATYR»  спорт клубының жаттықтырушысы, БАӘ-нің Абу-Даби қаласында 2021 жылы өткен джиу-джитсудан әлем чемпионы, Түркияның Ыстамбул қаласында 2021 жылы өткен Грэпплингтен әлем   чемпионы, Ресейдің Мәскеу қаласында өткен бразилиялық джиу-джитсудан және грэпплингтен әлем чемпионы Айтпанбет Самат және оның шәкірттері, джиу-джитсудан және грэпплингтен бірнеше дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова және т.б. белгілі жасөспірім спортшылар және БАҚ өкілдері қатысты.

278802087 4913694285394656 441228954665774327 n   278847362 4913694638727954 2217738501147209327 n   278921819 4913694882061263 4951908451526324423 n