+7 (727) 267-28-83

111

11 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Қазақстан Тарихшылары қауымдастығының мүшесі, бауыржантанушы, әскери  тарихшы зерттеуші Қарамаңдаев Қайрат Сағатайұлы «Сайыпқыран сарбаздар» атты  жаңа туындысын сыйға тарту етті.

Кітап сүйер қауымға жол тартқан бұл туындыда қазақстандық майдангерлердің ерліктері мұрағат құжаттарымен дәйектеліп жазылған, жаужүрек батырлардың жауынгерлік ерліктері, қырғын шайқастардағы тапқырлығы, өжеттігі, қайсарлығы, соғыстан кейінгі бейбіт өмірдегі ерен еңбектері  баяндалады.  Сонымен қатар, қазақ-жоңғар соғысының Орбұлақ, Аңырақай сияқты ірі шайқастары, ондағы қазақ сардарлары мен қолбасшылары қолданған стратегиялар мен тактикалар, Қабанбай батырдың соғыс тәсілі сипатталады. Бұл кітап Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған. Кітап болашақ ұрпақ үшін құнды тарихи дүние болып табылады және оқырманның игілігіне айналары сөзсіз.

photo1649672063