9 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Дін және дәстүр» залының салтанатты ашылуы өтті.
Ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
«Дін мен дәстүр» залының ашылу мақсаты – ұлттық болмыс пен руханияттың кеңістігін ұлғайту. Ұлт жадынан жоғала бастаған ұлы имани құндылықтарымызды қайта жаңғырту. Ұлттық таным бедері мен әдет-ғұрыптардың мұсылманшылықпен сабақтастығын саралап, өскелең ұрпақтың сара жолына бағыттау. Сонымен қатар, бағзы замандардың алтын тақтасына баһадүр бабаларымыз салып кеткен күрең жолдарды тарих қойнауынан аршып алып, ұлттық табиғатымызбен сабақтас тал бойымызға тән шариғи танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді жауһар жырларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу.
Іс-шараны ақын, Президент сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ және Шалқар» радиолары Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.
Сөз сөйлеген қонақтар: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, жазушы, кинодраматург, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елубай Смағұл Абатұлы.
Лента кесу рәсіміне қатысқандар: Наурызбай қажы Тағанұлы, Смағұл Абатұлы, Бақытжамал Қайырбекқызы.
Залды ашу салтанатында әжелер шашу шашып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы балаға тұсау кесу рәсімін жасады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |