4-8 сәуір аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары Ресей мемлекеттік кітапханасы өткізетін «Құжаттарды қалпына келтіру: консерватизм және инновациялар-2022» VI Халықаралық ғылыми - тәжірибелік семинарға онлайн режимінде қатысуда.
5 сәуірде қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің реставратор - маманы Өскембаева М.Д. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы кітаптарды қалпына келтіру және түптеу» тақырыбында баяндама жасады.
Семинар кәсіби міндеттеріне құжаттық мәдени мұраны сақтау кіретін мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Әлемдік қалпына келтіру орталықтарының сарапшылары өз тәжірибелерінде қолданылған әдіс-тәсілдермен бөлісіп, сабақтар мен тренингтер өткізіп, жаңа материалдар мен жабдықтар туралы ақпарат береді.