+7 (727) 267-28-83

35dcff6d b27e 4c09 883a 69a159ff895a

18 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына орай жарық көрген «Қазақтың үні «Жас Алаш» кітабының тұсаукесері өтті.

«Жас Алаш» республикалық жастар газеті ғасырлық тарихын 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында бастаған. Газетті Түркістан АССР комсомол ұйымы жетекшілерінің бірі Ғани Мұратбаев құрды, жауапты редакторы Ілияс Жансүгіров болды. Газет әр жылдары «Жас Қайрат», «Өртең», «Лениншіл жас» атауларымен жарық көрді. Алғаш 1922 жылы Орынбор қаласында «Өртен», 1927 жылдан «Лениншіл жас» (Ленинская молодежь) атауымен, ал 1929 жылдан бастап газет Алматы қаласында шығарылуын жалғастырды. 1941 жылы қызметкерлердің жаппай майданға кетуіне байланысты газеттің шығарылуы тоқтатылып, 1945 жылдың қыркүйегінен бастап қайта жаңартылды. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін газет атауы «Жас алаш» болып өзгерді, бұл «Қазақстан жастары» дегенді білдіреді.

Жастар басылымының мерейтойын тойлау аясында өтетін басқосуда қатысушылар басылымның шығу тарихы, әр жылдары қызмет еткен журналистер, оның қазақстандық қоғамның дамуындағы рөлі туралы әңгімеледі. Журналист Арай Сахариева – «Тоғанай-Т» баспасынан жарық көрген, көлемі 37 баспа табақтан тұратын «Қазақтың үні «Жас Алаш» кітабының құрастырушысы-редакторы. «Жас Алаш»: Кеше», «Есімдері ел есінде», «Көзден кетсе де, көңілден кетпейді», «Жас Алаш» – қазақ баспасөзінің қара шаңырағы», «Аймақ ажарын айшықтаған», «Жас Алаш»: Бүгін» сияқты  алты бөлімнен тұратын жинақта басылымының тарихына қатысты материалдар, әр жылдары жарияланған мақалалар, басылымда қызмет еткен журналистердің естеліктері қамтылды.

Модератор ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әділғазы Қайырбеков болды.

Лента қию рәсіміне: Қадырбек Сегізбайұлы, Мағира Қожахметова, Қуаныш Жиенбай қатысты.

Сөз сөйлеген қонақтар: "Жас Алаш" республикалық газетінің бас редакторы Қайрат Матреков; «Қазақтың үні Жас Алаш» кітабының редактор-құрастырушысы Арай Сахариева; ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат Комитетінің төрағасы Ысқақов Қанат Жұмабайұлы; жазушылар: Мағира Қожахметова, Қуаныш Жиенбай, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы (2002-2006 жж.) Жүсіпбек Қорғасбек; журналистер Жүнісбайұлы Н., Табиев Қ., Олжай Қ., Сәрсенбай Қ.; жазушылар Тұрсын Жұртбай, Дулат Исабеков; «Жайық - пресс» ЖШС бас директоры Сапаров Табылғали; саясаткер Дос Көшім.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына және құрметті қонақтарға жаңа кітап сыйға тартылды.

Қатысушылар: шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдері және т.б.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы мерзімді басылымдардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде газеттің мерейтойлық нөмірлері, танымал жазушылар мен журналистердің Қазақстандағы журналистиканың қалыптасуы мен дамуы туралы мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары, сондай-ақ «Жас алаш» газетінің беттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы туралы мақалалар  ұсынылған.

51948cb3 9f52 4a61 9284 1281ad5480ea   0dd3e2c4 ed69 4a53 a335 70e84f2f01c1   101f61d6 cf25 4dcd 866d dcb46c47c35c
e199d73a 012f 4e53 b528 d4addd717b05   d0d47adc eabd 4539 ad56 49e03c148f84   2b46b3dc f9d9 415c 80d2 52de86305964