+7 (727) 267-28-83

2018 жылғы 16 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, актер, режиссер Шаим Шаваевтың 80 жылдық мерейтойына орай еске алу кеші өтті.


16 11 2018 1

Шаим Шаваев 1938 жылы 27 сәуірде Ұйғыр ауданының Диірмен ауылында туған. Республикалық ұйғыр театрында актер, кейін режиссер қызметін атқарды. 1978-82 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, ұйғыр әдебиеті секциясының жетекшісі, Қазақ театр қоғамында аға кеңесші болып жұмыс істеді. 1961 жылы «Жас достарға» атты жинаққа  жазушының бір топ өлеңдері енген. Сондай-ақ,  прозалық шығармалары 1969 жылы «Қарапайым кісілер» атты жинаққа басылып шықты. «Қол қойылмаған хаттар», «Кестелі тақия» атты кітаптары жарық көрген. Оның Республикалық ұйғыр театры сахнасында «Сенің қара көздерің» атты драмасы (1976), «Ағам үйленді»  комедиясы (1978), «Билал Назым» драмасы (1981) қойылды. Қазақ, орыс жазушыларының бірнеше шығармаларын ұйғыр тіліне аударған.

Іс-шараға ақын Аян Нысаналин, жазушы, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, «Интизар» журналының меңгерушісі Азнат Талипов, ақын Раһиләм Музаппарова және Шаим Шаваевтың жұбайы Роза Шаваева қатысып, сөз сөйледі.

Кешті «Атамұра» корпорациясы ұйғыр редакциясының меңгерушісі Мәлік Махмандинов жүргізді.

Кеш аясында Шаим Шаваевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

16 11 2018 216 11 2018 216 11 2018 2