+7 (727) 267-28-83

Россия

10 наурызда Н.Дәулетова атындағы залда Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының және Орыс үйінен ҚР Ұлттық кітапханасының Ресей кітап бұрышына кітаптарды сыйға тарту дәстүрлі рәсімі өтті.

10 жыл бойы Қазақстан Республикасындағы Ынтымақтастық өкілдігі кітапхана қорын толықтырумен айналысып келеді. Ресей кітап бұрышына

140 данадан астам жаңа ғылыми және көркем әдебиеттер сыйға тартылды.

Қазіргі уақытта Бұрыштың кітап қоры 5 000 дананы құрайды, өткен жылғы келім саны - 13 047, кітап берілімі - 25 243. Қорда ғылыми-көпшілік және энциклопедиялық басылымдар, сонымен қатар заманауи көркем әдебиеттер, электронды басылымдар және басқа да материалдар ұсынылған.

Іс-шара барысында Халықаралық ана тілі күніне арналған эссе байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқауды Алматы қаласындағы Орыс үйі және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстанның 14-17 жас аралығындағы оқушылар мен студенттерге арнап өткізді. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 170-тен астам бала қатысты. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал Бас жүлде иегері 2022 жылдың жаз мезгілінде «Здравствуй, Россия!» бағдарламасы бойынша Ресейге барады.

Шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова және Алматы  қаласындағы Орыс үйінің өкілі, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы  Т.В.Барышникова құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шарада сонымен қатар: Қазақстан Ынтымақтастық өкілдігі білім беру бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.В.Зубкова; Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті филология ғылымдарының докторы, профессор, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі  С.Д.Әбішева  сөз сөйледі. 

Шара соңында «Право на любовь» қоры шығармашылық шеберханасының тәрбиеленушілері М.Макарованың жетекшілігімен «Масленица широкая» театрландырылған қойылымын ұсынды.