+7 (727) 267-28-83

275065589 4781210755309677 1938257411266925929 n2 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған «1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні» кітап көрмесі ұйымдастырылып, ашық есік күні өтті.

Іс-шараны Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – орта мектеп, техникум және училище оқушыларын азаматтық қорғанысқа дайындау, табиғи апаттармен күресу, қиын жағдайларда шешім таба білу қабілеттерін дамыту.

Іс-шарада Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің офицері, подполковник Бугабаев Бекболат Мұхидинұлы және Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Бердибаева Базар Наурызбайқызы төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік бойынша дәріс оқыды.

Көрмені ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қарабаев Құрмет таныстырды.

Қатысушылар: ҚазМУ, ҚазҰТУ, «Тұран», ХБА университеттері, Алматы құрылыс және менеджмент, Алматы сервистік және технологиялар колледждері, сонымен қатар №70, 93, 139 мектептердің оқушылары және т.б.