+7 (727) 267-28-83

28 ақпанда Н.Дәулетова атындағы залда халықаралық антиядролық қозғалыстың құрылғанына 33 жыл толуына орай «Невада-Семей» ардагерлері мен белсенділерінің дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелді белгілі ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түркітанушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, «Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы Сүлейменов Олжас Омарұлы ашты.

Шараның модераторы белгілі журналист, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Жандаулетов Валерий Айтмұқашұлы.

Сөз сөйлеген қонақтар: З. Багненко, Г. Нұрпейсова, Б. Баяндин, А.Асылбеков, Е. Құттыбеков және т.б.

Іс-шара аясында «Еуро-Азия географиялық қоғамы» ҚБ өкілі, профессор Баяндин Бейбіт Қабденұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Олжас Омарұлын ҚР мәдениетін, ғылымы мен білімін дамытуға және сақтауға қосқан үлесі үшін Әл-Фараби атындағы «Мәдениет сақтаушысы» Құрмет орденімен марапаттады.

Сондай-ақ, Олжас Омарұлы геология-минералогия ғылымдарының докторы, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының ардагері Сұлтан Оздоевке Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденін табыстады, Дина Жүсіпәлиева мен Мақсат Нұрмағамбетовті «Невада-Семей» 30 жыл медалімен марапаттады.

Шараға «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.