+7 (727) 267-28-83

эмблема алғыс айту«Қазақстан кітаптары» қызметінің О.Жандосов атындағы оқу залында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанында Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан - бір ел, бір халық, бір болашақ» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

1 Наурыз –  Алғыс айту күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған. Түрлі ұлт өкілдерін тарихтың түрлі кезеңдерінде өз жерінде қабылдаған қазақ халқына деген ризашылықтарын білдіретін күн.

Алғыс айту күні біздің еліміздің азаматтары үшін маңызды артып, ерекшелене түсуде. «Алғыс» сөзінің тамыры терең.

Биылғы жыл біздің еліміз үшін қасіреттен басталды. Халқымыз өте ауыр сынақтан өтті. Кез-келген саяси оқиғада қозғаушы күш болатыны белгілі. Елдегі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші – халық. Халықтың күші қиын кезеңдерде бірігеді. Еліміздің басшысы қаңтар оқиғаларының сыни сағатында батылдық танытқан азаматтарға алғыс айтып, марапаттады.

Еліміздің басты байлығы – намысшыл, талантты, ақкөңіл, мейірімді және бейбітшіл қазақ халқы. Адам Отанды таңдамайды, оны жоғарыдан жібереді. Біз тағдырымыз тоғысқан  Қазақстан аспаны астында өмір сүріп, осы жерді бағалай білсек, құнарлылығын арттырып, үндес рух дәуірінде қайта түлеудің жаңа тарихын жазуымыз керек.

Мерекенің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген құрмет пен достық сезімдерін ұялату, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен өмірге деген сенімді нығайту.

Еліміздің әр бұрышында мерекелік бағдарлама дайындалуда. Қалалық, аудандық мұражайлар мен кітапханалар кітап көрмелерін ұйымдастырады, мереке халық бірлігін, достықты, бейбітшілікті көрсететін концерттермен, фестивальдармен, театрландырылған көріністермен сүйемелденеді. Бұл мерекенің ең жарқын сәті – түрлі халықтар өкілдерінің этномәдени көрмелері.

«Қазақстан – бір ел, бір халық, бір болашақ» кітап көрмесінде Қазақстанның түрлі этностарының, республика аумағында тұратын түрлі ұлттардың тарихы мен өмірі туралы материалдар және ҚР Ұлттық кітапханасының қоры мен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарийінің мерзімді баспасөз беттеріндегі мақалалар ұсынылады.

Кітап көрмесіне шақырамыз!