+7 (727) 267-28-83

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ғалым және қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай және 2022 жылдың ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылы деп жариялануы аясында «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты Халықаралық акция-байқау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – қазақ халқының рухани және мәдени мұрасын әлемдік ақпараттық кеңістікке ілгерілету. Қазақ жазушысы М.О. Әуезовтің шығармашылығын насихаттау және өзектілендіру.

Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының барлық жүйелері мен ведомстволарының кітапханалары, сондай-ақ ТМД, шет елдердің кітапханалары шақырылады.

Байқау материалдарымен және қатысу шарттарымен ҚР Ұлттық кітапханасының ресми сайтындағы www.nlrk.kz «Мұхтар Әуезовті оқимыз» Халықаралық акция-байқауының ережесінде және Instagram-да #we_read_Auezov125 танысуға болады.

Қосымша: Ереже

Байланыс: Маханбетова Гүлмира Аблайханқызы,

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы

Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі,

Тел.: +7 /727/ 267-28-73,  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сайтта

Қазір сайтта 187 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.