Әлем әдебиеті оқу залында 2022 жылдың «ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылы» деп жариялануы аясында «ТМД елдері жазушыларының заманауи шығармалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 15 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің басшылары кеңесінің отырысында 2022 жыл ТМД елдерінің халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылы деп жарияланғанын мәлімдеді.
Жыл жоспары тарихи байланыстарды сақтауға, мәдениет, туризм және спорт саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған 100-ге жуық іс-шараны қамтиды.
Мұндай шешім ТМД-дағы барлық халықтар мен этникалық қауымдастықтардың халық өнерін дәріптеу және мәдени дәстүрлерді, тарих пен мәдениет ескерткіштерін, этномәдени көптүрлілікті, мәдени өзіндік ерекшелікті сақтау мақсатында қабылданды.
Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ТМД елдерінің көркем әдебиеттері ұсынылған және Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан Республикалары,Ресей Федерациясыжәне Украина әдебиеттерін ұсынатын бөлімдерді қамтиды.
Оқырмандарды ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен «Художественная литература» және «Культура Евразии» баспаларында жарық көрген «ТМД әдебиеттерінің классикасы»кітап сериялары қызықтырары сөзсіз. «Художественная литература» баспасы Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Украина, Қырғызстан және Молдованың фольклоры мен әдеби ескерткіштерін ұсынады.Мәскеулік «Культура Евразии» баспасы көне заманнан бергі әдеби шығармашылықтың озық үлгілері: армян әдебиеті, орыс жазушыларының ертегілері, өзбек фольклоры мен тәжік әдебиеті кітаптарын ұсынады.Сондай-ақ, «Русская культура» бөлімінде екі кітап сериясы: 2019 жылы Мәскеу қаласында «Белый город» баспасынан шыққан «Русская культура» және 2019 жылы Санк-Петербург қаласында «Азбука» баспасынан шыққан«Мировая классика» кітаптарсериясы қойылған.
«Литература Казахстана» бөлімінде БҰҰ-ның алты тілінде: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб, француз тілдерінде «Казахстанская культура в современном мире» сериясының кітаптарыұсынылған.
Сондай-ақ, БҰҰ тілдеріне аударылған 60 автордың үздік жұмыстарын қамтитын «Қазіргі қазақ әдебиетінің антологиясы» жинақтары ұсынылды. «Қазіргі қазақ прозасы антологиясының» және «Қазіргі қазақ поэзиясы антологиясының» ағылшын тіліндегі нұсқасын Кембридж университетінің баспасы; араб тіліндегі жинақтарды – Египеттің Ұлттық мәдениет және білім орталығыдайындады; испан тіліндегі басылым Сервантес институтының ықпалымен жарық көрді; орыс тілінде М. В. Ломоносов Мәскеу мемлекеттік университетінің баспа үйі, қытай тілінде-Бейжіңдегі Ұлттар баспасы; француз тілінде – Париж Мәдени қауымдастығыбасып шығарды.
Баршаңызды кітап көрмесіне қатысуға шақырамыз!