+7 (727) 267-28-83

27

27 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен 9 тарихи телехикаяның таныстырылымы өтті.

Ұлт қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Жұмабек Тәшенев, Қаныш Сәтбаев, Мұқағали Мақатаев, Жәңгір хан мен Домалақ ананың өміріне арналған 6 тарихи туынды «Qazaqstan» арнасының эфирінен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көрсетіле бастады. Ал аты аңызға айналған КСРО Халық әртісі және Халық қаһарманы Роза Бағланованың өнегелі өмірінің жарқын сәттері мен қиын кезеңдерін баяндайтын «Бұлбұл» телехикаясын  көрермендер «Хабар» арнасының эфирінен көре алады. Сондай-ақ, «Almaty TV» телеарнасы  өмірінің соңына дейін елім, жерім деп езілген  өжет күрескер Тұрар Рысқұловтың өмір жолын баяндайтын «Қызыл жебе» телесериалын түсірсе,  «31 телеарна» ұлы ақын Жамбыл Жабаев пен жас рэпер Жамбоның тағдырына арналған «Жүрек жыры»  телесериалын көрерменге ұсынып отыр.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары Е. Тоғжанов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева, медиаменеджерлер, зиялы қауым өкілдері және журналистер қатысты.

Шара барысындағы арнайы ұйымдастырылған дөңгелек үстелде қатысушылар отандық сериал нарығының бүгіні мен ертеңі жайлы сөз қозғап, өзекті мәлеселерді талқылады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  қазақстандық телесериалдарды түсіру бағытында анықталған мәселелерді атап өтіп, оның шешу жолдарын ұсынды.

Дөңгелек үстелден кейін шара қатысушыларына геолог-ғалым, инженер, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген «Қаныш. Қазына» телесериалының 1-ші сериясы көрсетілді.

271   272
273   274