+7 (727) 267-28-83

22

22 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай ақынның сөздеріне жазылған әндер жинағының тұсаукесері өтті.

Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. 1924 жылы Семей қаласындағы интернатта білім алады.. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленіп, одан әрі үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жаза бастаған. 1930 жылы Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түседі. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. Осында жүріп, 1933 жылы Отан алдындағы борышын өтеп, әскерге барып қайтады. 1936-1941 жылдары Алматыға барып, сол кездегі бас басылымдар болып саналған «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет атқарады. Осында жүріп, яғни 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағын «Өмір сыры» деген атпен жарыққа шығарады.

«Қасымның әндері-ай!» жинағын шығарған әнші, «Құрмет» орденінің иегері Гүлбаршын Тергеубекова.

Аты аңызға айналған хас таланттың мерейтойына арнап шығарылған электронды таспаға бұрын және жаңа жазылған жиырма төрт ән енгізілген.

Шараға әдебиет және өнер қайраткерлері қатысты. Олар: ақын Жүрсін Ерман, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жинақтың демеушісі Рымбала Омарбекова, ҚР халық әртістері Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетова,әнші, композитор Мақсат Жәутіков, әншілер Қайрат пен Жұлдыз, Өмірқұл Айниязов, Айбек Мұхаметалиев және басқалар қатысты.

2212   2214   22121   22122
22212   221221   2212211