+7 (727) 267-28-83

Данте

Әлем әдебиеті оқу залында ұлы итальян ақын Алигьери Дантенің «Құдіретті комедиясына − 700 жыл» (1265 – 1321 жж.) атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Құдіретті комедия» - Данте Алигьеридің шамамен 1308-1321 жылдар аралығында жазған ортағасырлық мәдениет пен әлем онтологиясын кең көлемде жалпылау поэмасы. «Құдіретті комедиясы» алғашқы баспа  басылымы 1472 жылдың сәуірінен басталады, ол Фолиньо қаласында 800 дана таралыммен басылып шықты. «Құдіретті» эпитет алғаш рет 1555 жылғы венециандық басылымда пайда болды, бұл ақынның алғашқы өмірбаяншы және комментаторы Г.Боккаччоның Данте шығармашылығы туралы көпшілікке арналған дәрістерді оқи отырып, оны «құдіретті ақын» деп атаған. Поэманың бастапқы атауы – «Комедия». Поэма – ғылыми, саяси, философиялық, адамгершлік, танымдық нағыз ортағасырлық энциклопедия. Ол итальяндық және әлемдік мәдениеттің ең ұлы ескерткіші ретінде танылды. Поэма  «Тамұқ», «Күнәдан тазарту» және «Жұмақ» деп аталатын үш бөлікке немесе кантикаға бөлінген – олардың әрқайсысы 33 әннен тұрады («тозақтың бірінші бөлігіндегі 34 ән, дисгармония белгісі ретінде»). Оның барлығы үш жолды шумақтармен, терзин деп аталатын ерекше рифмалық сызбамен жазылған.

«Комедия» Данте өмірі мен шығармашылығының бүкіл екінші жартысының жемісі; бұл оның соңғы және жемісті жұмысы. Онда ақынның дүниетанымы барынша толық бейнеленген. Сондай-ақ, оның басқа да  шығармалары белгілі. Мәселен, «Новая  жизнь», «Пир», «(Rime) өлеңі», «Эклоги», «Послания», «О народном красноречии» және латын трактаттары « Монархия».

Италияда 25 наурыз Ұлттық Данте Алигьери күні болып жарияланды. Ол 2020 жылдан бері аталып өтіледі. 2021 жылы сонымен қатар Дантенің қайтыс болғанына 700 жыл толды.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы автордың басылымдары мен ол туралы қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі әдебиеттер қойылған. Ағылшын аудармаларында автордың 1954 жылы «Жаңа американдық кітапхана» баспасынан шыққан аудармашы Джон Чардидің кітаптары бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорында Данте Алигьеридің 1842 жылы «Е. Фишера» баспасынан басылып шығарылған «Тозақ. Құдіретті комедия» кітабының орыс тіліндегі аудармаcы бар. 

                                         Кітап көрмесіне шақырамыз!