+7 (727) 267-28-83

prezident kuni

25 қараша - 15 желтоқсан аралығында Н.Дәулетова залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» атты көркемделген кітап көрмесі ұсынылады.

Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлтымыздың тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған еді. Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні, бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланды.

Осыған байланысты, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Сол заңға сәйкес 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі болып белгіленді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының еліміздегі кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі, Қазақ елінің әлемге танымал мемлекет болып танылуына сіңірген үлесі шексіз.

Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасу кезеңіндегі Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ашып көрсету.

Аталмыш көрмеде Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген ел тарихындағы баға жетпес жетістіктерді паш ететін және Ұлт Көшбасшының тарихымен тығыз байланысты материалдар қойылып, Тұңғыш Президенттің еңбек және өмір жолы: жастық шағы, есейіп, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Көрмеге қазақ, орыс, және шет тілдердегі 3000-нан астам басылым қойылды.

Сайтта

Қазір сайтта 717 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.