+7 (727) 267-28-83

Директор

24 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстан Кітапханалар Одағының төрайымы Б.Қ. Оспанова С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының 125 жылдығына арналған «Кітапханаларды жаңғыртудың шарты ретінде кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру» атты онлайн-кездесуге қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының (Алматы қ.), А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан ОӘҒК (Өскемен); Абай атындағы Шығыс Қазақстан ОӘК (Семей); С.Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК және Қазақстанның басқа да кітапханаларының кітапхана мамандары қатысты.

Б.Қ.Оспанова «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы еліміздегі кітапхана мамандарының біліктілігін арттырудың білім беру алаңы» тақырыбында баяндама жасады және Ұлттық кітапхананың еліміздің көпшілік кітапханалары үшін әдістемелік, оқу және үйлестіру орталығы болып табылатынын, мамандардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыратынын, өңірлерде оқыту курстарын, семинарлар мен көшпелі шеберлік сабақтарын өткізетінін атап өтті.

Ұлттық кітапханада кітапханашылардың одан әрі білім алуына және біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін бірнеше құрылымдар құрылған.

Бұл Виртуалды кітапхана мектебі, Каталогизатор мектебі және Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебі.

Ұлттық кітапхана дуалды білім беру бойынша оқу-тәжірибелік орталық болып табылады, оқу орнындағы теориялық оқыту мен өндірістік кәсіпорындағы кәсіптік оқытуды үйлестіреді.

Сондай-ақ, баяндамашылар: С.Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК директоры Шахметова Шолпан Баянқызы «Оқырман мен кітапхана – 125 жыл бірге», А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан ОӘҒК директоры Шагиева Бибігүл Жамбылқызы «Кітапханашылардың үздіксіз білім беру стратегиясы: жұмыс тәжірибесі», С.Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК кітапхананы дамыту бөлімінің жетекшісі Жылқыбекова Айнагүл Айтжанқызы «Білікті кадрлар – Павлодар облысындағы кітапханалардың табысты дамуының кепілі» тақырыптарында баяндама жасады.

Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу болды.

Дик

 

Сайтта

Қазір сайтта 428 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.