+7 (727) 267-28-83

Сайын

19 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында  жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайын Мұратбековтың  туғанына 85 жыл толуына  орай еске алу кеші өтті.

Іс-шараны жазушы-публицист, «Тарлан-Үміт» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері  Жүсіпбек Қорғасбек жүргізді. 

Сөз сөйлеген қоңақтар: Смағұл Елубай,  Майра Мұратбекова, Нұрдәулет Ақыш, Жұмаш Кенебай, Марлен Көлбаев, Сәуле Досжан, Қуандық Түменбай, Жұлдызбек Жұмабай.

Әншілер Зарина Рахманбердиева және Ақжол  Өсербай ән тарту етті.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының  қорынан Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Киелі қалам иесі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері.

Сайын1   Сайын2