+7 (727) 267-28-83

19К

19 қарашада Қазақстандық Кітапханалық Одақ кеңесінің қорытынды отырысы өтті.

Отырысты ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Б. Оспанова ашып, облыстық кітапхана басшыларына алғысын білдіре отырып, қатысушыларды Кеңес отырысы барысында талқыланған өзекті мәселелердің шешімін табу жолында мықты әріптестікте болуға шақырды.

Отырыс қорытындысы бойынша «Оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясында халықты оқумен қамту алгаритмін әзірлеу және ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне республика кітапханаларының типтік ғимараттарын салу туралы өтініш білдіру мәселелері бойынша шешім шығарылды.

Сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Ғ.С.Тоқабаеваны, Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры С.С.Ізмуханбетованы, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Д.Т.Дүйсебаеваны, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасының директоры Б.Ж.Шағиеваны және бірқатар аудандық ОКЖ директорларын ҚР Ұлттық кітапханасының 110 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгімен марапаттады.

Облыстық кітапхана басшылары да ҚР Ұлттық кітапханасының басшыларына үлкен алғыстарын жеткізіп, шараның жоғары кәсіби деңгейде өткенін атап өтті.

19К1   19К2   19К3
19К4   19К5   19К6

 

Сайтта

Қазір сайтта 330 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.