+7 (727) 267-28-83

ҮК

18 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың кезекті жұмыс отырысы және Қазақстанның көрнекті кітапхана қайраткері Н.Қ.Дәулетованың туғанына 95 жыл толуына орай «2021 жылдың үздік жас кітапханашысы» республикалық байқауы өтті.

Республикалық байқауға Қазақстанның 12 облысынан келген облыстық жас кітапханашылар байқауының жеңімпаздары қатысты.

Байқаудың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары – «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» заңды тұлғалар бірлестігі және ҚР Ұлттық кітапханасы.

Байқаудың мақсаты – кітапхана саласының кәсіби құндылықтарын сақтауға жәрдемдесу, шығармашылық бастаманы дамыту және жас кітапханашыларды ынталандыру, жастар арасында мамандықтың беделін арттыру және оң имиджін қалыптастыру болып табылады.

Байқаудың ашылуында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Дүйсебаева Дариха Төребайқызы сөз сөйледі.

Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық жоба-лары мен өнерлерін келесі критерийлер бойынша бағалады: кәсіби құзыреттілік, заманауи технологияларды меңгеру, жеке шығармашылық стиль, стандартты емес идеялар мен шешімдерді енгізу, әдістемелік әзірлемелердің ұсынылуы, коммуникативтік қабілеттер, кәсіби термино-логияны меңгеруі.

Байқау 4 кезеңнен тұрды:

Бірінші кезең «Мамандығым - мақтанышым» бейнетаныстыру және «Жаңа заман кітапханалары» немесе «Кітапхана кәсібінің қайта жаңғыруы» тақырыбындағы эссені қорғады.

Екінші кезең «Ой жүйрік», кәсіби сұрақтарға жауап берудегі кәсіби шеберлігін, ой-өрісінің кеңдігін, тапқырлығын бағалауға арналды.

Үшінші кезең – «Жас маман – жақсы істің жаршысы» тақырыбында шығармашылық, инновациялық немесе эксперименттік жобаларын қорғады. «Мен өлкемді жырлаймын» атты төртінші кезеңде қатысушылар туған жерге немесе жерлестерінің шығармашылығына арнаған нөмірлерімен өнер көрсетті.

«2021 жылдың үздік жас кітапханашысы» республикалық байқауының бағдарламасына белгілі қазақ эстрадасы мен классикалық орындаушылардың концерттік нөмірлері енгізілді.

Байқаудың көрермендері қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің кітапхана факультеттерінің студенттері, облыстық және аудандық кітапханалардың басшылары мен мамандары, облыстардың кәсіподақ ұйымдарының басшылары, кітапханашылар және т.б. болды.

ҮК1   ҮК3   ҮК4   ҮК5
ҮК6   ҮК7   ҮК8   Үк2

 

Сайтта

Қазір сайтта 290 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.