+7 (727) 267-28-83

КБС18 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың кезекті жұмыс отырысы өтті.

Шараға Кеңес мүшелері, қалалық және облыстық Мәдениет басқармаларының басшылары, Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы мен облыстық филиалдарының басшылары, республикалық және облыстық әмбебап кітапханалардың директорлары қатысты.⠀

ҚР Ұлттық кітапхана директоры Б.Қ.Оспанова Қазақстандық Кітапханалық Одақтың жұмысына тоқталды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Д.Мұңалбаева «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» бағдарламасы жайлы сөз алды.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы төрағасы С.К.Иманқұлова қазіргі таңдағы кітапхана саласына қатысты еңбек қатынастары, заңнама, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы, жалақыны жақсарту және т.б. өзекті мәселелерге тоқталып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Павлодар облыстық филиалының кеңесшісі Н.Ә. Қайырденова «Қазақстанның мәдениет мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер» жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы айтты.

«Стеллажи KZ» ЖШС басшысы А.Г. Супонин «Өңірлік кітапханаларды кітапханалық жабдықтармен жаңғырту туралы» өз ойларымен бөлісті. Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е.Қ.Жұмакенов сөз сөйлеп, облыс кітапханаларының жетістіктері туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапхана директоры Б.Қ.Оспанова жылсайынғы «Оқырманы озық өлке» республикалық байқауының 2020 жылғы жеңімпазы деп танылған Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасын және «Жыл кітапханашысы-2021» атағы - Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызын салтанатты түрде марапаттап, арнайы сыйлықтар табыс етті.

КБС1   КБС2   КБС3   КБС4
КБС5   КБС6   КБС7   КБС8