+7 (727) 267-28-83

ПП12 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Ресей кітап бұрышы аясында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігінің бастамасымен режиссер Андрей Ким түсірген Павел Петрович Бажовтың ертегілері бойынша «Ящерка вернется» (2020 ж.) балалар көркем фильмінің көрсетілімі қойылды.

Режиссер кино сюжетінде он сегіз және он тоғызыншы ғасырдағы оралдық тілдік фольклорында қазіргі мектеп және жасөспірімдер әлемін байланыстырған.

Фильм көрсетілімі президент гранты (Ресей) қорының қолдауымен «Бажов кештері» жобасы аясында Бажовтың Қазақстанға (1919-1921 жж.) келуінің жүз жылдығына орай жүзеге асырылды. Сондай-ақ, көрермендер арасында жазушының шығармашылық мұрасы бойынша викторина өткізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына 2020 жылы «Бажов» қоры басып шығарған Павел Петрович Бажовтың «Күміс тұяқ» кітабы қазақ және орыс тілдерінде сыйға тартылды.

ПП1   ПП2   ПП3
ПП4   ПП5   ПП6

 

Сайтта

Қазір сайтта 353 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.