+7 (727) 267-28-83

зум

11-12 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары онлайн режимінде  Ресей ұлттық кітапханасының «Обеспечение сохранности библиотечных фондов» конференциясына қатысты. «Қазақстандағы Мәдени мұра нысандарын қалпына келтіру теориясы мен тәжірибесін  дамытудың заманауи  бағыттары» тақырыбымен  қызмет  жетекшісі, х.ғ.к.  Б. Ш. Сәрсенбаева баяндама жасады.

Конференция құжаттық кітап мұрасын сақтау және консервациялау мәселелеріне арналған. Қатысушылардың баяндамалары түптеуді консервациялауда биоцидтерді қолдану, қолжазбаларды қалпына келтіру, түптеулерді қалпына келтірудегі инновациялық технологиялар және т.б. мазмұнда болды. Конференцияға Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресейден мамандар қатысты.

зум1

 

Сайтта

Қазір сайтта 279 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.